Жаңалықтар

Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кеткен

Қазақстанда жыл басынан бері 14 бала терезеден құлаған, – деп хабарлайды «jambylinfo.kz».

Оқыс оқиға Қ.Төлеметов көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған. Балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайын дәрігерлер «орташа» деп бағалап отыр. Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанованың Қазақстанда жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткенін айтты.