Жаңалықтар

Шымкентте бөлім басшысы мүгедек балалардың ата-аналарынан пара алған

Пара соммасы 850 мың теңге

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментінде бөлім басшысының міндетін атқарушы пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оған мүгедектік топтарын белгілеу үшін 850 мың теңге берген. Ақшаны алуға қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике көмектескен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтапды. Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.