Шымкентте қоқыс жәшігінен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Куәгерлер күдіктінің 17 жастағы жасөспірім екенін айтып жатыр.
Шымкенттегі қоқыс жәшіктерінің бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылды. Марқұм 21 шілдеде үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz almaty.tv сілтеме жасап.
Арада он күн өткенде мәйіт қала ішіндегі қоқыс салғыштың жанынан табылды. Бейресми деректерге сүйенсек, екі баланың анасы қосымша табыс табу үшін біреудің үйін тазалауға барған. Сол жерде оны белгісіз азамат 16 жерінен пышақтаған көрінеді.