Шымкентте үш жасар бала үйдің ауласындағы бассейнге құлады

0 48

Қайғылы оқиға өткен сенбі, 23 шілде күні болған. Түнде сағат 22-30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы бассейнге құлап кетті. Бассейннің тереңдігі – 1,4 метр.

«Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын үй алабында Сығанақ көшесінде болды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр. Аспирациялық синдром диагнозы қойылды. Мидың ісуі бар, комада жатыр», — дейді құтқарушылар.

Ал бір жарым сағаттан кейін жедел медициналық көмектен тағы хабарлама түскен. Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке құлап кеткен. Ол да шұғыл қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Төтенше жағдайлар департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.