Шыршадан шыққан өрт: Талдықорған тұрғыны көршісінің екі баласын құтқарды

0 12

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, 26 желтоқсан сағат 10.36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы Болашақ шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында пәтер өртенді деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді. Пәтерде жасанды шырша мен 0,5 шаршы метр алаңда диван жанғаны анықталды. Өртке қарсы бөлімше келгенге дейін көрші Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндіріп үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.