Жаңалықтар

"Үсік жүреді": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет ескертіп отыр

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар,деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

 Сондай-ақ, Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 

Ал Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.