SIM-box арқылы байланыс жүйесіне зиян келтірген шетелдік азамат ұсталды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз желіні ұйымдастырғаны және интернет-алаяқтарға көмектескені үшін ұсталғандарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Петропавлда ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Tele2 ұялы байланыс операторымен бірлесіп, sim-box құрылғыларын телефон алаяқтығын жасау үшін пайдаланған ірі қылмыстық желінің қызметін тоқтату бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нәтижесінде заңсыз қоңырауларды бағыттау жүйесін ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды.
Жыл басынан бері киберполицейлер байланыс операторларымен бірлесіп, 68 sim-box құрылғысын, қылмыстық схемаларда пайдаланылған 88 мыңнан астам sim-картаны тәркіледі. 29 адам ұсталды, оның ішінде 13 шетелдік азамат.