Сингапурда COVID-19 жұқтырудың 17 мыңға жуық жаңа оқиғасы тіркелген

0 32

Сингапур билігі коронавирус жұқтырудың 16 870 жаңа жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны осымен 1 557 648 адамға жетті. Жаңа оқиғалардың 15 978-і жергілікті, 892-сі – сырттан әкелінген. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған статистикаға сәйкес, жергілікті оқиғалардың ішінде 906 жағдай ПТР (полимеразды тізбекті реакция) және 15 072 AРТ (жедел антиген сынағы) арқылы анықталған. Қазір стационарда 734 науқас ем алуда, оның 12-сі интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Министрліктің мәліметінше, COVID-19 инфекциясы салдарынан үш адам қайтыс болды, вирустан болған жалпы өлім саны 1440-қа жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлемді коронавирустың жаңа штамдары жиілігінің артуына байланысты маска режиміне және жаппай тестілеуге қайта оралуға үндеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.