Жаңалықтар

Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" синоптиктері 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл соғады деп күтілуде.

ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті