Өскеменде атасы 7 жасар немересін пышақтап өлтірген
Өскеменде ер адам 7 жасар немересін пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиғаға байланысты ШҚО Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
YK-news.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға 22 наурызда болған. Ер адам 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ салған. Бала алған жарақаттары салдарынан қаза болды.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынған.