Жаңалықтар

Өскеменде пара алған полицей шенінен айырылып, оған 3 жарым миллион теңге айыппұл салынды

Оған 3 500 000 теңге айыппұл салып, ол полиция подполковнигі шенінен айырылды.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.

«Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.