Жаңалықтар

Өскеменде пробация тәртібін бұзған азамат бас бостандығынан айырылды

The final spritzer

Сот шешімімен ер адам қалған жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Өскеменде электронды білезікті кесіп тастаған ер адам түрмеге тоғытылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

35 жастағы азамат сот шешімімен шартты түрде сотталып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Өскемен қаласының Үлбі аудандық пробация қызметінің есебіне алынған.

Алайда кешкі уақыттардың бірінде, мас күйінде жүрген ол аяқтағы электронды білезікті пышақпен қиып тастаған. Мұнымен қоймай 102 нөміріне қоңырау шалып, білезіктің жоғалғанын хабарлап, жалған ақпарат берген.

Пробация қызметі оның өтірігін жылдам әшкерелеп, тексеру нәтижесінде бұл әрекеттің алғашқы заң бұзушылығы емес екені анықталды. Бұған дейін де ол жазаны өтеу тәртібін елемей, тіпті жұмыссыз бола тұра, өзін жұмысқа орналасқан етіп көрсетуге тырысқан.

Осы заң бұзушылықтардың жиынтығы негізінде пробация қызметі сотқа шартты жазаны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс енгізді.