Жаңалықтар

Škoda көлік өндірісін тоқтатады

Škoda көлік өндірісін тоқтатады

Шкода көлік өндірісін уақытша тоқтатады. Оған микрочиптердің тапшылығы себеп. Компанияның Чехиядағы 3 зауытының екеуі әзірге темір тұлпар шығармайды. Алайда сарапшылар нарықтағы жағдай түзелмесе, өндіріс жыл соңына дейін тоқтап қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Салдарынан автоөндіруші 8 миллион еуро шығынға батуы мүмкін. Ал Чехиядағы Шкода зауыттарында 180 мың адам жұмыс істейді.