Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы сегізінші турындағы Словения мен Қазақстан кездесуінде 1000-ға тарта қазақстандық жанкүйер болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 1:45–те көрсетіледі.
Аталған кездесуге ел құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов қатыса алмайды.
Сондай-ақ, бұл ойынға UEFA президенті Александер Чеферин келеді деп күтіліп отыр.
Бұл кездесуде австриялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Аталған кездесуде бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады. Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмекші болады. Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер.