Жаңалықтар

Ғұсман Қырғызбаев - Париж олимпиадасының қола жүлдегері

Қазақ спортшысы жартылай финалда сербиялық Страхинья Бунчичті жеңді

Қазақстандық дзюдошы 
Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) жарыстың екінші күні қола медалді қоржынға салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Париж татамиінде дзюдодан 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев сербиялық Страхинья Бунчичті жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бұған дейін жерлесіміз кореялық Ан Ба Ульді, ширек финалда франциялық Валид Хяр сынды мықты қарсыластарын жеңді. 

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев журналистерге берген сұхбатында өзінің соңғы олипиадасында жан аямай күрескенін алға тартқан. 

"Жасым 32 келді. Бұл менің соңғы олимпиадам, сол себепті, барымды салдым", -деді ол.

Еске салайық, Париж олимпиадасының үшінші жарыс күнін қазақстандық спортшылар 1 қола жүлдегер қортындылады. Қазір біздің қоржында 1 алтын, 2 қола медаль бар.