Жаңалықтар

Соңғы аптада 11 мыңға жуық жамбылдық ЖРВИ жұқтырған

Соңғы аптада 11 мыңға жуық жамбылдық ЖРВИ жұқтырған

Соңғы аптада, яғни 07-13 ақпан аралығында ЖРВИ-нің 11234 жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда  13,4% өсім байқалады (9903 жағдай) деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі - тұмаудың алғашқы жағдайларының ерте тіркелуі. Облыста тұмаудың алғашқы жағдайлары қазан айының басында анықталған. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері облыста зертханалық жолмен расталған тұмаудың  93 жағдайы, оның ішінде А типті тұмау – 30 жағдай, В типті тұмаудың-63 жағдай айналымы анықталды. Сонымен қатар ағымдағы маусымда басқа да респираторлық вирустардың айналымы анықталды: парагрипп, риновирус, RS вирусы, боковирус, метапневмовирус және аденовирустар.