Жаңалықтар

"Сол кезде сыйлы боламыз": Гүлзира Айдарбекова келін-балаларынан бөлек тұруды жоспарлап жүргенін айтты

Бұл туралы ол Айнұр Асанбердінің "Әсембике" бағдарламасында айтқан

Продюсері Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге балаларынан бөлек шығуды жоспар жүр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Продюсер бұл туралы Айнұр Асанбердінің "Әсембике" бағдарламасында айтқан. 

"Кейде Нұреке, екеуміз өзіміз бөлек шықсақ қоямыз. Қазір енді заман дамыған. Бәрін сатып алуға болады. Тамақты да, үй жинайтын адамдарды да ақысына табуға болады. Ешкімге зиянымызды тигізбейік, сол кезде сыйлы боламыз деймін. Бірақ әзірге бәрі реттелсін деп жүрміз", - деп жауап берген ол. 

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова күйеуі екеуі шетелден баспана салуды жоспарлап жүргенін тілге тиек еткен. 

"Қартайғанда барып, бір 10-15 күн жатып, демалып тұру үшін шетелде бір үй алсақ деп жүрміз", - деп жауап берген продюсер ағынан жарылып.