Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қатысты іс-шаралар басталды

The final spritzer

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жүргізілуде

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қатысты іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмысқа барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.

Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.

Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде .

Айта кетейік, эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауда.