Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берді

0 0

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

«2021 жылғы 21 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Е.Біртановтың үйде қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін қарады. Сотта Е.Біртанов оған отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады», — деп жазылған ресми мәліметте.

Сайтта жазылғандай, экс-министр 6 айдан астам уақыт бойы үйден шықпағанын, осы мерзімде қандай да бір заңсыздыққа бармағанын алға тартқан.

«Заңның талаптарына сәйкес, шектеулер адамның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасына, қорғаушымен қарым-қатынасына, өмірлік маңызды әрекеттерді жүзеге асыруына, мысалы, медициналық көмек алуға және т. б. кедергі келтірмеуі керек. Сот үйқамақ мерзімін ұзарта отырып, Е.Біртановқа оның асырауында бес адам, оның үшеуі жас бала және қарт ана екенін ескере отырып, өмірге қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үйден сағат 8-ден 19-ға дейін шығуға рұқсат берді. Сонымен қатар, сот бұған дейін Біртанов өзіне салынған тыйымды бұзбағанын назарға алды», — деп жазылған ресми ақпаратта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.