Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты

0 5

Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты.

«Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық жүйесі мекемесі Дужновтың жазасын өтеу орны ретінде белгіленді», — деп үкім шығарды судья.
Бұған дейін прокурор соттан Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.
Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.