Жаңалықтар

Сотталғандарды азаптағаны үшін күштік құрылымдардың 21 қызметкері сотталған – Бас прокуратура

Сотталғандарды азаптағаны үшін күштік құрылымдардың 21 қызметкері сотталған – Бас прокуратура

2023 жылы Қазақстанда психикалық және физикалық азап келтіргені үшін күштік ведомстволардың 69 қызметкері қылмыстық қудалау орбитасында болды, оны ішінде 21 лауазымды адам сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo. Бас прокуратураның бүгін таратқан мәліметіне сүйенсек, азаптаулардың алдын алу бойынша тиісінше жұмыс істемегені үшін 118 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19 құқық қорғау органдарының басшылары бар.

«2023 жылы психикалық және физикалық азап келтіргені үшін күштік ведомстволардың 69 қызметкері қылмыстық қудалау орбитасында болды, жыл соңына дейін 21 лауазымды адам сотталды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

  Қазір Қазақстандағы құқық қорғау органдарының мекемелерін жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету мақсатында прокурорлардың ұсынысы бойынша ғимараттадағы 4 мыңнан астам «соқыр» аймақ жойылған.