Жаңалықтар

Сотталғандардың азапталуы: түрмелердегі биылғы статистика жарияланды

Сотталғандардың азапталуы: түрмелердегі биылғы статистика жарияланды

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді. Берік Асылов заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды қолданатынын айтты. Сондай-ақ, маңызды инвестициялық жобаларды құқықтық тұрғыдан қолдау жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алды. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселелері шешімін тапқан.

Бұдан бөлек, халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. Атап айтқанда, биыл шетелден ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 40 адам экстрадицияланды. Жалпы Қазақстан қылмыстық-құқықтық сала бойынша алыс шетелдің 34 мемлекетімен 74 шартқа қол қойылған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты барлық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету ісін күшейту қажет екеніне назар аударды.