СҚО-да 24 жастағы қыз екі аптадан бері табылмай жатыр

0 9

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ.

СҚО волонтерлері әлеуметтік желідегі парақшада Алена Евгеньевна Пятковаға іздеу жариялады. 1999 жылы туған қыз 10 қаңтардан бері жоқ. Мамлютка қаласында тұратын ол сол күні Петропавлға барам деп жолға шыққан. Содан бері хабарсыз, — делінген хабарламада.

Аленаның бойы – 168 см, арықша келген, ұзын қара шашты, көк көзді.

Сол күні басында қызғылт түсті бас киім, үстінде қара-көк түсті, жағасы ақ терімен көмкерілген күрте, көк джинсы шалбар, қара бәтеңке болған.

Іздеу жарияланған бойжеткен жайында қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ 47 жастағы Мұрат Ғалымұлы Мұханжаровқа да іздеу жарияланды. Петропавл тұрғыны соңғы рет туыстарымен қазан айында байланысқа шығып, СҚО Булаев қаласында құрылыста жүргенін айтқан. Кейін онымен байланыс үзілген.

Ер адамның бойы – 170 см, қой көзді, қара қысқа шашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.