Стамбулда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.
Премьераны 4 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғаш рет түрік сахнасында ұсынылып отырған бұл туындының мақсаты түркітілдес бауырлас елдерге ортақ тағылымы мол тарих пен баға жетпес мәдени мұраны әлемге таныстыру болды.
Қойылым Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ыстанбұл символдарының бірі саналатын Ататүрік мәдениет орталығының сахнасында 15-16 желтоқсанда кешкі сағат 20:30-да «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы түрік көрермендеріне ұсынылады.
Гастрольдік сапармен келген өнер ұжымының саны -196 адам. Бұл премьера Түркия мемлекеті мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосуға жасалған тағы бір қадам.
«Хан Сұлтан. Алтын Орда» опералық спектаклі 2024 жылдың 29-30 қараша және 1 желтоқсанында өнер сүйер қауымға Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау және Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай қойылды.
Екі бөлімнен тұратын тарихи драманың композиторы –Хамит Шанғалиев. Танымал жас қаламгер Алмас Нүсіптің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» драмалық шығармасының желісімен жазылған либреттоның авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің мемлекеттік стипендиаты — Маралтай Ыбыраев.
Операның бас кейіпкері Хан Сұлтан – Ұлыстың негізін қалаушы Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орданың ұлы билеушілерінің бірі- Берке ханның анасы. Хорезм шах Ала-ад-Дин Мұхамед ІІ-нің үлкен қызы. Әйгілі Жәлел-әд-Диннің туған қарындасы.