Жаңалықтар

Ұстаз тапшылығы: Жамбыл облысында қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді

Ұстаз тапшылығы: Жамбыл облысында қандай пәндердің мұғалімдері жетіспейді

Жамбыл облысындағы мемлекеттік мектептерде 48 педагог тапшы. Бұл туралы Jambylinfo.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мәлім етті. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қазір Жамбыл облысындағы 446 мемлекеттік мектепте 26 425 мұғалім жұмыс істеп жүр. Білім басқармасы аймақтағы жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, кадр тапшылығын жоюға тырысып жатыр.

Қазір осы конкурсқа сай, 48 адамның жұмыс орны бос тұр. Аймақ бойынша орыс тілі, математика, физика, химия пәндерінің мұғалімдері жетпейді. Мұғалім тапшылығы қатты сезілетін аудан – Қордай ауданы. Жалғыз бұл ауданның өзінде математика, физика, орыс тілі, химия, биология және географиядан сабақ беретін 17 ұстаз жоқ. Сол сияқты, Шу (9 мұғалім), Сарысу (8 мұғалім), Талас және Мойынқұм (бес мұғалім), Меркі (4 мұғалім) аудандарында да мұғалім тапшылығы бар.