Үстел теннисінен ерлер командасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астана өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды. Қазақстандық спортшылар бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен жеңді.
Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.
Ширек финал матчы бүгін 9 қазан күні өтеді. Қазақстан командасының қарсыласы әзірге белгісіз.