Степногорда 27 жастағы сарбаз асылып қалды

0 107

Степногор қаласындағы 3517 әскери бөлімінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгер өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 шілде күні сағат 21:00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А.Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді. Автопарктің кезекші қызметі Н.А.Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногор орталық қалалық ауруханасына жеткізеді. Дегенмен аурухана дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады», — деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен.Құзырлы орган ақпараты бойынша, марқұм Оразбай Н.А. 1995 жылы туған.Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы шақырылған.Қазір уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.Алдын ала дерек негізінде «Орталық» өңірлік қолбасшылығының мәлімдеуінше, қол жұмсау фактісі әскери қызметпен байланысты емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.