Су тасқыны: Еркенің Райымы мылтықсыз майданда жүр...
Белгілі әнші, Ерке Есмаханның күйеуі Райымбек Бақтыгереев туған жері Орал қаласында су тасқынына қарсы күрес жұмыстарының бел ортасында жүр.
Әнші күндіз түні жергілікті халықпен бірге Жайық өзенінің бойындағы дамбыны күзетіп, су тасқынының алдын алу үшін қапшықпен құм төсеп жатыр.
Сонымен қатар, қызыл суымен алысып жатқан оралдықтар банк қосымшалары арқылы "Асар ме" қайырымдылық қорына ақша аударуды сұрады.
Олар қайырымдылықтан түскен ақшаға арнайы киім-кешек, қайық, етік, қап және тағы да басқа заттар сатып алмақ.