Су тасқыны: Халыққа жолданған гуманитарлық көмек ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетіп жатқан жоқ па?
Осынау қиын-қыстау кезеңде су басқан 10 облысқа жан-жақтан гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Алайда тонналап жөнелтілген көмек халықтың қолына тегіс жетіп жатыр деп айту қиын. Оған әлеуметтік желідегі көмек ала алмай жүрген жандардың видеолары дәлел бола алады,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Құлсарыға барған сапарымда осы мәселемен бетпе-бетпен келгенін жазды.
Сондай-ақ, осы мәселені Қызылжар қаласының тұрғыны, әріптесіміз Ақмарал Жанғалиева көтеріп, гуманитарлық көмекті шын зардап шеккен жандар алу үшін арнайы тізім жасалу керегін алға тартады.