Жаңалықтар

Су тасқыны: Үкімет басшысы Оралға барып, жағдаймен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр, деп хабарлады jambylinfo.kz

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов су тасқынның келесі толқынына дайындықты пысықтауға барған.

Премьер-министр  өңірге барысымен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.