Жаңалықтар

Судья Шерзат Болат ісі бойынша желідегі пікірлерге қатысты ескерту жасады

The final spritzer

Оның айтуынша, іске мүлдем қатысы жоқ блогерлер мен азаматтар тергеу және сот отырысының барысына субъективті баға беріп жатыр.

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желілерде тарап жатқан кейбір пікірлерге байланысты арнайы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол Конституцияның 75-бабын еске салып, сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын, ал сот ісіне қандай да бір араласу жауапкершілікке әкелетінін қадап айтты. Судьяның айтуынша, іс бойынша әлі үкім шыққан жоқ, сондықтан сот процесі аяқталғанға дейін құқықтық баға беру және сотқа қысым жасауға ұмтылатын кез келген әрекетке жол берілмейді.

Судья бұл процестің ашық өтіп жатқанын және үкімнің заң мен әділдікке сай болатынына сендірді. Сонымен қатар, ол блогерлер мен желі қолданушыларын арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.