Жаңалықтар

Тұрғындар жалақысына 20% үстемеақы қосылады

Бұл үстемақы Кентау қаласының тұрғындарының жалақысына қосылады

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының экономикалық дамуы жайындағы баяндама жасаған аймақ басшысы Дархан Сатыбалды кентаулықтардың жалақысына 20% үстемақы қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz    
«Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар «Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы» нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтерді»,- деді обдлыс әкімі.
Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтаған. Нәтижесінде Кентауды экологиялық аймаққа енгізуге болады деген шешім қабылданды. Бұл үшін қосымша 6 млрд теңге қажет. Әкімнің айтуынша, қазір осы қаражаттың қайдан бөлінетінін қарастырылып жатыр.