Тұрғындардың талап-тілегі – басты назарда
Облыс әкімі Ербол Қарашөкев 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен биылғы жылдың 14 тамызы аралығында 42 жеке қабылдау өткізіп, 629 азаматтың мәселесіне құлақ түрген
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасы бойынша Жамбыл облысындағы барлық деңгейдегі әкімдер, басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды тұрақты түрде қабылдап, мәселелерін назарға алуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс әкімі Ербол Қарашөкев 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен биылғы жылдың 14 тамызы аралығында 42 жеке қабылдау өткізіп, 629 азаматтың мәселесіне құлақ түрді.
Олардың қатарында Тараз қаласы мен барлық аудан тұрғындары бар.
Айта кету керек, бірінші басшылардың жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдау өткізу жиілігі және онда қамтылған тұрғындар бойынша республикада Жамбыл облысы алдыңғы қатарда. Қабылдауда болған 202 азаматтың өтініш-тілегі шешімін тауып, 427 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда қабылдау кезегінде 28 адам тұр.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 231 азаматты қабылдады.