Жаңалықтар

Төреғали Төрәлі алтыншы рет әке атанып, алты алаштан сүйінші сұрады

3 қыз, 2 ұлдың әкесі, әнші Төреғали Төреәлінің шаңырағын шаттыққа бөлеп, алтыншы сәби дүние есігін ашты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Алла деп бағындырдым биыл шыңды,
Перзентхана екінші үйім сынды.
Алтыншы рет бұйырды әке атану,
Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді!

«Бүгін Кеген ауылына кетуім керек болған. Қасиетті жұмада намаз оқып, елмен бірге дұға тіледім. Сол кезде Толқын перзентханаға кеткен. Намаз оқып жатқанда жаңбыр қатты құйды. Сол кезде босанды-ау деп ойлап едім. Көп өтпей Толқынның өзі хабарласып, сүйінші сұрады. Әр шаңыраққа сәби бұйырсын!», – деп жазды жеке парақшасында эстрада жұлдызы.