Жаңалықтар

Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, кеше Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан. Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы - «бұзақылық» бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылданып жатыр. «Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп мәлім етті полиция.