Түркістанда Кореяның «Woosong» университетінің филиалы ашылмақ

Түркістанда салынып жатқан қазақ-корей университетінің ашылуы биылға жоспарланды.
Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында 4 факультетте 2340 студент білім ала алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқу орынында «Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция», «Мультимедия және Web дизайн» мамандықтары оқытылады.
Бастамаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тікелей қолдау көрсеткен. Шетелдік университет өкілдері таяуда министр Саясат Нұрбекпен кездесіп, дайындықтарды пысықтамақ.