Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты
Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты
https://youtu.be/znpG-PBm-Bg
Түркістан қаласынан 60 шақырымдық жерде орналасқан Үкаша ата құдығының сіз бен біз біле бермеймін сыры неде? Зиярат етушілер қандай жағдайға тап болады? Құдық астында нендей тылсым күш бар? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін jambylinfo сайтының тілшісі арнайы барып қайтты
Тарихқа көз жүгіртсек…
Шырақшы Үкаша ата құдығын ешкім қазып, қолдан құдық етпегенін бірден кесіп айтты. Аңыздарға сенсек, Үкаша Ата Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың тікелей тапсырмасымен осы маңға (қарт Қаратау тауының маңы: автор) ислам дінін насихаттау мақсатында келген екен. Нәтижесінде ислам дінін қабылдаушылар көбейіп, дін дұшпандары оның көзін құртуды ойлайды.
Себебі мұсылман халқы көбейіп кетеді деген қорқыныш болады. Дін дұшпандары мұсылмандықты қабылдағандардың басын шауып, құлағын кесіп, көзін ойып іліп қояды. Мақсаты — осы бір жауыздық арқылы елдің үрейін алу, көргендер қорықсын, ислам дінін қабылдамасын деген ой болыпты. Деректерде таң намазын оқып отырған Үкаша ата сол дұшпандарының қолынан шахид болған деген мәлімет бар. Сол сәтте аспаннан екі періште түсіп, Үкаша атаның басын алып қашқан-ды.
"Үкаша ата көзі тірісінде "Қай жерде жан тапсырсам да, мейлі шахид болайын, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың қасында жерленсем арманым жоқ" деп дұға тілеген екен. Пайғамбардың ізін қуған Үкаша атаның бұл тілегі қабыл болса керек, басы шабылған сәтте кенеттен ауа райы бұзылып, найзағай жерге түсіп кетеді де үлкен тасты жарып жібереді. Содан құдық пайда болады. Үкаша атаның басы сол құдықтың ішіне түсіп кетеді. Дін дұшпандары екі сарбазын құдыққа түсіріп, басын алып шығуды тапсырғанымен, одан нәтиже шықпапты. Үкаша ата туралы аңыздарға сүйенсек, оның басы құдық астындағы өзеннен күн батысқа қарай ағып кеткен деседі",-деді деректерге сүйенген шырақшы.