Жаңалықтар

Түркияда жалған ақпарат таратқандар 3 жылға бас бостандығынан айырылады

Түркияда жалған ақпарат таратқандар 3 жылға бас бостандығынан айырылады

Түркия жалған ақпарат таратқан журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын 3 жылға дейін бас бостандығынан айыратын болды. Заң шығарушы орган осындай шешім шығарды. Алайда оған оппозиция мен жергілікті азаматтық қоғам белсенділері, сондай-ақ Еуропа елдері де наразылық танытты. Олар ғаламторда Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіретін, елдің үрейін тудырып, адастыратын ақпарат таратқандардың бас бостандығын 1 жыл немесе 3 жылға дейін шектеу дұрыс емес деп санайды. Бұл өзгерісті демократияға қарсы қысым деп сипаттағандар – оны Ердоған Президент және Парламент сайлауы қарсаңында өз мүддесіне жету үшін мақсатты түрде жасады деп айыптайды.