Жаңалықтар

Түрмеде жатқан 163 адам қорлық көргенін айтып омбудсменге шағымданған

Түрмеде жатқан 163 адам қорлық көргенін айтып омбудсменге шағымданған

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімованың атына барлығы 1614 өтініш келіп түскен. Көбінесе азаматтардың тиісті шағымдары прокуратура мен полициядағы лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі (298 өтініш), сондай-ақ сот актілеріне шағымдану (215 өтініш) мәселелеріне қатысты болды. Өтініштердің өзге де кең таралған түрлерінің ішінде мынадай санаттарды атап өтуге болады: «қылмыстық-атқару жүйесінің жалпы мәселелері», «Қылмыстық-процестік заңнаманың жалпы мәселелері», «тұрғын үй беру», «денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері», «азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары», «еңбек қатынастары» және т. б. 163 өтініш Қазақстанның түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын бұзу, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, қызмет бабын теріс пайдалану, коммуналдық-тұрмыстық жағдайларды бұзу және азаптауды қолдану мәселелеріне қатысты болды. Жабық үлгідегі мекемелердегі азаптау, қатыгез қарым-қатынас және азаматтардың құқықтарын өзге де бұзу проблемасы құқық қорғаушылардың да, құқық қорғау органдарының да көзқарасы тұрғысынан өзекті мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтеміз.