Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы 65 жастағы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстан бокс федерациясы құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мен бапкерлік құрамдағы он жаттықтырушы, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов отставкаға кеткенін ресми түрде хабарлады.
Ұлттық құраманың бас бапкері кім болатыны әлі айтылмады.
Еске салайық, Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс құрамасын 2000 жылы Сидней олимпиадасына алып барып, қазақ боксшылары екі алтын, екі күміс медаль иеленген. Олар марқұм Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов және Мұхтархан Ділдәбеков еді.