Жаңалықтар

Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген

Т.Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

​Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген.

​Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.

​Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды.

​Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.

​Айта кетейік, ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде.