Жаңалықтар

Төтенше жағдай: Алматыда ғимарат өртке оранды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді

Бүгін таңертең Алматыдағы Жетісу ауданында, Новгородская көшесінде орналасқан алты қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өрт сөндірушілер күшейтілген деңгейде жұмыс істеді.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, өрт тез таралып үлгерген. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы түгелдей жалынға оранды. Өрттің өршуіне лак-бояу өнімдері сақталған ыдыстардың жарылуы мен кеш хабар берілуі себеп болды", – деп жазды ТЖМ.

Ғимараттың ішінде тез тұтанатын материалдардың көп болуы, сондай-ақ лак-бояу бұйымдарының барлығы өртті сөндіруді қиындатты.

Оқиға орнында өртті сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп тұрды. ТЖМ-нің арнайы техникасы да жұмылдырылды.

Өрт 06:45-те толық сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.