Жаңалықтар

Төтеншеліктер Байзақта ашық есік күнін өткізді

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Сарыкемер ауылы №8 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік  күні іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға Байзақ ауданы Білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Қатысушыларға өрт сөндіру техникалары мен арнайы жабдықтар таныстырылып, өрт сөндіру бөлімінің қызметі бойынша арнайы экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін, құрал-саймандарын, арнайы автокөліктерін көріп, олардың атқаратын қызметі мен жұмыс істеу тәртібі туралы толық ақпарат алды. Кездесу оқушылардың қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.