Жаңалықтар

Қазақстанда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Адамдар көп жиналатын орындарда патрульдер саны артты.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 14 желтоқсаннан бастап Қазақстанның барлық жеке құрамы полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«14 желтоқсаннан бастап мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді»,-деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.