Тұңғыш перзентін бес жыл күткен Демеу Жадыраев жарын көрсетті
Олимпиада жүлдегерінің әйелі алғаш рет ел алдына шықты
Грек- рим күресінен Париж Oлимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың жары алғаш рет көпшіліктің алдына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
34 жасындағы балуанның жары оның Олимпиадада жүлдегер атанатынына сенген.
"Мен Демеуге сендім. Тіпті жеребе тасталғанда оның қарсыластарының кімдер болатынын көріп, ол балуандарды аяп кеттім. Себебі, Демеу оларды бәрін жарыс жолынан шығаратынын сездім. Медеу, сен бұл жеңіске әбден лайықсың", -деді балуанның жары.
Еске салайық, Демеу Жадыраев биыл
Бішкекте Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанда, ерлі-зайыптылардың бес жыл күткен қызы Дана өмірге келген.