Жаңалықтар

Тағы да ұшақ апаты: Бортта тірі адам қалмады

Апаттың себептерін анықтау жұмыстары басталды.

Жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  orda.kz сілтеие жасап.

Қайғылы жағдай Колумбияның солтүстік-батысында болған. Ресми ақпарат бойынша, кем дегенде 10 адам қаза тапты. Жеңіл ұшақтың Pacifica Travel компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін, түгел байланыс үзілген. Оның бортында экипаждың екі мүшесі мен сегіз жолаушы болған.

Колумбияның көлік министрлігі мен азаматтық авиация басқармасы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.