«Бүгінгі күнге елімізде жеті саяси партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркеліп жатса, олар да сайлауға қатыса алады», — деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов брифингте.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қазір 2 саяси партия тіркеу сатысында тұрғанын айтты. Олар — «Ел тағдыры» және «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары.
«Олардың жеделдігіне байланысты, егер ол 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады. Қазір олар келесі кезең – съезд өткізуі керек», — деді ол.
Айта кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясының шешімімен сайлауға қатысуға 7 саяси партия жіберілді.