Жаңалықтар

Талғарда 16 жастағы Шерзаттың отбасына тиесілі үй түнде өртеніп кетті

Үйді біреулер қасақана өртеген болуы мүмкін

Талғарда түнде өрт шығып, 16 жастағы Шерзаттың отбасының үйі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Orda.kz. -ке сілтеме жасап. 

Instagram-да жарияланған бейнежазбада бір әйел үйдің сырттан қасақана өртелген болуы мүмкін екенін айтты.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше бөтен мүлікті қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.