ТАЛАС АУДАНЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

0 60

Талас ауданы, Үшарал ауылында дəрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қажетті жабықтармен қамтамасыз етілген заманауи үлгідегі нысанның ашылу салтанатына облыс əкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жергілікті тұрғындарға ортақ қуанышпен бөлісті.
— Облыс бойында дəл осындай 23 нысан пайдалануға берілді. 9 елді мекендегі медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттің байлығы — халық. Біз үшін тұрғындардың денсаулығы бəрінен маңызды. Шалғай ауылдан осындай дəрігерлік амбулаторияны ашудағы мақсатымыз да осы, — деген Нұржан Молдиярұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Əсемов жəне ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырбек Жүсіповпен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Жалпы, 45 келушіге арналған дəрігерлік амбулаторияның құрылысына 177 974 197 теңге жұмсалған. Туберкулезге қарсы дəрі қабылдау бөлмесі, қан сынамасын алу, жалпы клиникалық зертхана, күндізгі стационар, емшара жəне физиотерапия бөлмесімен қатылған. Келушілерге мұнда 2 дəрігер жəне 10 медбике ем-дом шараларын көрсетеді.

Дəрігерлік амбулаториядағы көрсетілетін қызмет түрілерімен танысқан өңір басшысы жауапты сала мамандарына медициналық қызметтің қолжемділігін арттыру мақсатында тиісті міндеттер жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.