Жаңалықтар

Талдықорғанда қайтыс болған қыздың шашын тақырлап алып, зорлаған

Талдықорғанда қайтыс болған қыздың шашын тақырлап алып, зорлаған

Талдықорғанда үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қыздың денесі Текелі тауынан табылғаны жөнінде жазған едік. Қыздың өліміне басты күдікті өгей әкесі мен туған анасы ұсталды. Қыздың денесіне жасалған сараптама нәтижесі бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтіргені белгілі болды. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастаған. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.